04.08.2015, 11:55 4350

Президент "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊына қол қойды

2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен кезде ғана тағайындалатын болады.

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін одан әрі жаӊғырту тұжырымдамасыныӊ негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына (әрі қарай - Заӊ) қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына (бұдан әрі - Заӊ) қол қойды.

Заӊ жобасы мыналарды көздейді:

1. Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту

2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен кезде ғана тағайындалатын болады.

Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаӊтарына еӊбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеӊін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады.

Егер де, азаматтыӊ еӊбек өтілі 10 жылдан аз немесе еӊбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақыныӊ мөлшері еӊ төмен күнкөріс деӊгейініӊ (КД) 50 %-ын құрайды.

Базалық зейнетақыныӊ мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды (өтілі 20 жыл болса базалық зейнетақыныӊ мөлшері - КД 70 %-ын, ал 30 жыл болса - КД 90 %-ын құрайды).

Бұл өзгерістер бір жағынан, еӊбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердіӊ болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еӊбек қатынастарын заӊдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді.

Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердіӊ зейнетақы істеріндегі құжаттардыӊ негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі.

2. Жұмыс берушініӊ қосымша 5 %-дық міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесініӊ жаӊа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу.

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5 %-дық міндетті зейнетақы жарналарын аударған қызметкерлер шартты-жинақтаушы құрамдауыштыӊ қатысушылары болып табылады.

Бұл жарналар азаматтардыӊ меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердіӊ Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектерге беріледі.

ЖМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Зейнетақылардыӊ мөлшері жыл сайын БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады.

3. Жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру

Бүгінгі күні әлеуметтік құрылымдардыӊ қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандырудағы негізгі проблема бірдей жағдайда әртүрлі жылдары еӊбек сіӊірген жылдары үшін зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы төлемдерініӊ мөлшері бірдей болмауы.

2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап барлық әлеуетті құрылымдардыӊ қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстырылатын болады.

Олардыӊ зейнетақысыныӊ мөлшері қызметтен босатылған кездегі еӊбек сіӊірген жылдары және ақшалай қамтылымына қарай есептелетін болады.

Бұл ретте, 2016 жылдан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерініӊ ақшалай қамтылымынан 20 % міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша мемлекеттік бюджеттіӊ міндеттемелері жойылатын болады.

Бұдан басқа, бюджеттіӊ кірісіне олардыӊ пайдасына 2016 жылғы 1 қаӊтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарыныӊ 50 % сомалары аударылатын болады.

Сондай-ақ, қызмет өткеру жағдайлары бірдей болып, әр түрлі кезеӊде запасқа шыққан әлеуетті құрылымдар зейнеткерлерініӊ зейнетақы төлемдері мөлшеріндегі диспропорцияларды жою үшін 2016 жылы бұрын толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерініӊ мөлшерін еӊбек сіӊірген жылдарына және зейнетақы ісіндегі қызметтен босатылған күніндегі еӊбек өтіліне қарай, олардыӊ толық көлеміне жеткізу бойынша біржолғы қайта есептеу іске асырылады.

Бұл шаралар әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қамтамасыз етеді және әскери қызметшілердіӊ әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, жинақтаушы зейнетақы жүйесініӊ параметрлерін жетілдіру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеӊейту көзделіп отыр.

Жалпы ұсынылып отырған өзгерістер нәтижесінде азаматтардыӊ зейнетақы төлемдері мынадай бөліктерден тұратын болады:

1) зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі;

2) 1998 жылғы 1 қаӊтарға кемінде алты ай еӊбек өтілі бар адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі;

3) БЖЗҚ-дан:

- қызметкердіӊ жеке 10 % міндетті зейнетақы жарналары;

- жұмыс берушініӊ қосымша 5 %-дық зейнетақы жарналары;

- 5 %-дық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (еӊбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын) (2023 жылдан бастап) есебінен зейнетақы төлемдері;

4) ерікті зейнетақы жинақтары.

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған шаралар ауыстыру коэффициентін Халықаралық еӊбек ұйымы ұсынған (40 %-дан кем емес) деӊгейді қамтамасыз етеді және одан әрі сақтай алады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны