05.05.2009, 13:46 1131

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Илеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысы бойынша, Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты халыққа жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген заң жобасы әлемдік қаржы дағдарысы зардаптарын еңсеру, атап айтқанда жұмыссыз азаматтардың уақытша көбеюі жағдайында жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласын жетілдіруге бағытталған.

Заңда ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар Еңбек кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңдарға жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласын жетілдіруге бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы кешенді шараларды әзірлеуді көздейді.

Заң жобасы халықты жұмыспен қамтудың табысты болуын дамытуға, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жағдай жасауға, жұмыссыздар мен толық емес еңбек уақытында жұмыс істейтін еңбеккерлерді әлеуметтік қолдау, сондай-ақ 2009-2010 жылдарда жұмыссыздыққа ұшыраған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы үшін қажетті жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Заңның қабылдануы еңбеккерлердің жұмыстан босатылуы мен толық емес жұмыс уақытына көшуі жағдайына мезгілінде және жедел ықпал етуге, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалудың атаулылығын күшейтеді, қайта оқуға және бюджет қаржысы есебінен қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар адамдар ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

2009 жылғы бюджетті нақтылау барысында аймақтарда жұмысқа тарту мен мамандарды қайта даярлау стратегиясына 140 миллиард теңге жұмсау қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны