20.06.2007, 10:34 1080

Президент "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасын парламентте таныстырған әділет министрі Зағипа Балиева аталмыш конституциялық заң жобасымен үкіметтің мәртебесін коллегиялық орган ретінде айқындау ұсынылғанын атап өтті. "Бұл мәртебе үкіметтің қабылданған шешім үшін жүктейтін жауапкершілігін қарастырады, сол себепті заң жобасында үкіметтің қаулысын үкімет мүшелерінің басым дауысымен қабылдау қарастырылған",- деді министр.

"Үкіметтің қазіргі бір міндеті - құқықтық реформаларды жүзеге асыру. Алайда, бүгінгі таңда бұл саладағы реформалар негізінен аяқталды. Осыған байланысты заң жобасымен құқықтық саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үкіметтің міндеті ретінде айқындау ұсынылған",- деді З.Балиева.

Сонымен бірге оның айтуынша, "заң жобасында парламенттің жаңадан сайланған мәжілісінің құрамы тарапынан үкіметке сенімсіздік таныту процедурасын айқындайтын түзетулер, үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі, мемлекет басшысының премьер-министрдің қолы қойылған актілерді алып тастау немесе күшін уақытша жою құқығы қарастырылған". "Сонымен бірге үкімет басшысының президентке лауазымдарға тағайындауға кандидатураларды енгізу, сондай-ақ, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі, ішкі істер министрі мен әділет министрлерін лауазымынан босатуға ұсыныс енгізу өкілеттілігін алып тастайтын түзетулер енгізілген. Бұған қоса заң жобасымен министрлердің жауапкершілігін арттыру мен дербестігі аясын кеңейту арқылы әкімшілік реформаны жүзеге асыруға бағытталған, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы лауазымын заң жүзінде енгізу жөніндегі түзетулер бар",- деді З.Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны