05.05.2010, 17:22 3172

Президент Қазақстанда кәсіподақтар қозғалысын дамытудың негізгі бағыттарын мақұлдады

Президент Қазақстанда кәсіподақтар қозғалысын дамытудың негізгі бағыттарын мақұлдады

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашевті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, С.Мұқашев президентті республикалық қоғамдық ұйымның ағымдағы жұмысы, Қазақстандағы жаңа еңбек қатынастарының орнығу үдерісі, биылғы жылы жазға жоспарланған Кәсіподақтар Федерациясының кезекті съезіне және есеп беру -сайлау жиналысына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Иңгімелесу барысында ағымдағы жылы ҚКФ-ның құрылғанына 20 жыл толатыны атап өтілді. Осы уақыт аралығында кәсіподақтарға мемлекет және президент тарапынан қолдау көрсетіліп келді. Мысалы, 2008 жылы Жезқазғанда өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумда мемлекет басшысы "Ұжымдық шарт жасасыңыздар!" атты жалпыреспубликалық акция туралы бастама көтерді. Осының арқасында 2009 жылы мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 8 мыңнан астам меморандумға қол қойылды. Соның нәтижесінде жұмыс орындарын қысқартуға және жұмысшылардың еңбекақыларын азайтуға жол берілген жоқ.

"Президент Қазақстанда кәсіподақтар қозғалысын дамытудың негізгі бағыттарын мақұлдады. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында, біз Қазақстандағы әлеуметтік әріптестік мәселесін шештік", - деді С.Мұқашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны