31.03.2010, 10:31 4091

Президент Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекітті

Президент Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекітті

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы № 958 жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекітуді қаулы етемін",- делінген жарлық мәтінінде.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлеп бекітуге тиіс; сондай-ақ, бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы үкіметінің бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекітуі қажет; жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 шілдеге және 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат беру міндеттеледі.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылады.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің Икімшілігіне жүктеледі. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны