30.05.2008, 10:06 1474

Президент Қазақстаннан Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалдауға қолдау көрсету туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстаннан Каспий теңізі арқылы мұнай тасымалдауға қолдау көрсету туралы заңға қол қойды

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасынан мұнай тасымалдауға қолдау көрсету туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі мен Изербайжан Республикасының аумағымен Баку - Тбилиси - Жейхан жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан халықаралық нарыққа мұнай тасымалдауға қолдау көрсету және ықпал ету бойынша келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны