28.02.2007, 15:47 6921

Президент Қазақстанның ғаламдық экономикаға толық құқылы қатысуын қамтамасыз ету қажет деп санайды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. "Аймақтық экономикада сапалы жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, ғаламдық экономикада толық құқылы қатысуын қамтамасыз ету қажет",- деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында.

"Біз Қазақстанды аймақтағы экономикалық дамудың көшбасшысына айналдырып, оны әлемдік экономикада табысты ойыншы ете аламыз",- деп атап көрсетті ол.

Мемлекет басшысы, "бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде Қазақстан нақты ойып иемденетін орынды іздеу және оны игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сонымен қатар біздің экономикамызға қатысушылардың жан-жақты және жауапты, соның ішінде оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөніндегі бағдарлама-максимум мен бағдарлама-минимум болу керек", деп санайды.

Сонымен қатар, президент, "Ресей, Қытай, Орта Азия, Каспий және Қара теңіз аймақтарының нарығына назар шоғырландыру қажет", деп санайды. "ТМД, ЕурАзЭқ", ШЫҰ аясындағы экономикалық интеграция саудадағы басты бағдар болып қала бермек",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағын құруға кірісуге, және оған өзіміздің басқа да көршілеріміздің кіруіне тиімді болдыру туралы ұсыныс жасаймыз",- деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны