23.06.2010, 12:50 2614

Президент Қазақстанның иелігіндегі Ыстық көлдегі пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы мәлімдеген Қырғызстанның кейбір саясаткерлерінің айтқан сөздеріне түсініктеме берді

"Мұндай саяси мәлімдемеге ерік беруге болмайды. Күте тұрамыз, уақыт өтеді, бәрі тынышталады және мен бәрі баз қалпына келеді деп ойлаймын. Мен не Қазақстан, не Қырғызстан екі елдің арасындағы мұндай қарым-қатынасқа жол бермейді деп ойлаймын, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның иелігіндегі Ыстық көлдегі пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы мәлімдеген Қырғызстанның кейбір саясаткерлерінің айтқан сөздеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мұндай саяси мәлімдемеге ерік беруге болмайды. Күте тұрамыз, уақыт өтеді, бәрі тынышталады және мен бәрі баз қалпына келеді деп ойлаймын. Мен не Қазақстан, не Қырғызстан екі елдің арасындағы мұндай қарым-қатынасқа жол бермейді деп ойлаймын, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанда Ыстық көлдегі төрт пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы ұсыныс жасалған. Мұндай ұсынысты 2010 жылдың 17-маусымында өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның уақытша үкіметі төрайымының орынбасары Изімбек Бекназаров мәлім еткен болатын.

"Мен Қырғызстанның уақытша үкіметінің алдына Ыстық көлдегі төрт пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы мәселені көтеремін",- деп мәлім еткен болатын А. Бекназаров.

Оның айтуынша, Құрманбек Бакиевтің қол астында болған бұрынғы парламент "пансионаттарды қазақстандықтарға беру туралы заңсыз шешім" қабылдаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны