20.01.2009, 16:42 3166

Президент Қазақстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Қазақстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Астана. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, М.Тәжин президентке мемлекет басшысының алдағы Үндістанға, Швейцарияға, Германия мен Ресейге жасайтын сапарларына дайындық барысы жайлы баяндап берді.

Кездесуде Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өзекті мәселелер де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны