08.01.2007, 16:13 2984

Президент Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасымен ғимараттарды дұрыс салмау және дұрыс жөндеу жүргізбеу, автожолдар мен нысандарды дұмыс салмау салдарынан адам қаза тапқан немесе басқа да ауыр зардап шеккен жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделіп отыр. Мұндай норма енгізу тұрғын үй және әкімшілік ғимарататрдың көптеп тұрғызылуына және автожолдарды тарту аясының кеңеюі мен олардың сапасыз салыну деректерінің көбеюіне байланысты.

Сонымен бірге бұл заңның жобасында ұялы телефондарға қатысты қитұрқылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Мәселен, абоненттік құрылғының тану белгісі - кодын заңсыз өзгерту, бағдарламасын өзгерту, абонентті айыра тану картасын ауыстыру, ұялы байланысқа арналған абоненттік құрылғының кодын өзгертуге немесе оның бағдарламасын өзгертуге бағытталған жаңа бағдарламалар жасау немесе тарату әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны