18.03.2010, 13:31 3514

Президент Көксарай су реттегішінің салтанатты ашылуына қатысты

Президент Көксарай су реттегішінің салтанатты ашылуына қатысты

Шымкент. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Көксарай су реттегішінің салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президент тікұшақпен гидроқұрылғының үстінен ұшу арқылы оның құрылыс барысымен танысып, жерге келіп қонғаннан кейін құрылысшылармен, жұмысшылармен және жұртшылықпен кездесті.

"Егер бұл су реттегіші болмағанда, биыл осы аудандар мен Қызылорданы бұрынғыдан бетер су алатын еді. Біз әр жыл сайын бөгеттер тұрғызу мен үйлерді салуға қыруар қаржы жұмсап келдік. Көксарайға ауқымды су көлемі жинақталды, бұл бізге Сырдарияның төменгі ағысында тасқындардың алдын алуға мүмкіндік берді", - деді Н. Назарбаев.

Тасқынға қарсы су реттегіш Арыс әкімшілік аймағының Ақдала және Задария ауылдық округтерінің аумағында, Шардара су қоймасынан төмен қарай 160 шақырымда, Көксарай ауылынан оңтүстікке қарай Сырдарияның жағалауында орналасқан. Құрылғының техникалық сипаттамалары мынадай: жобалық көлемі - 3 млрд текше метр; айдын аумағы - 46,745 мың гектар; арналық бетін тоғанның шығындары - секундына 1800 текше метр; өткізгіштік қабілеті секундына 500 текше метрді құрайтын әкелуші канал - 16 шақырым; су қоймасының су тастағышы бар тоғаны - ұзындығы 44,7 шақырым, орташа биіктігі 7,7 метр; өткізгіштік қабілеті секундына 500 текше метрді құрайтын әкетуші канал - 10,2 шақырым.

Көксарай су реттегішінің бірінші кезегі өткен жылдың аяғында пайдалануға берілген. Оған 11 ақпаннан бастап су толтырыла бастады. Қазір онда 680 млн текше метр су жиналған, ал бірінші кезегінің сыйымдылығы 1 миллиард текше метрге жетеді. Су 10 мамырдан бастап жіберіле бастайды.

Басты мақсаты - Шардара су қоймасы арқылы апатсыз су жіберуді қамтамасыз ету, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сырдария өзенінің суын қыс маусымында жинау есебінен Сырдария өзенінің жағасын бойлай экологиялық ахуалды жақсарту және қуаңшылық жылдарында егінді суаратын сумен қамтамасыз ету. Реттегіштің жағалауына таяу маңдағы аймақтарда су жіберілетін жерлерде шілде мен тамыз айларында көлтабан жайылымдарын пайда болғызу. Шардара Су электр станциясында өндірілетін электр қуатын арттыру және оған су алуды ұлғайту арқылы Арнасай аңғарына тастау арқылы шығындалатын су ресурстарын қысқарту.

Құрылыс құны - 52 млрд 346 млн теңге. Қаржыландыру көзі - мемлекеттік бюджет. Жоба жүзеге асырылатын мерзім - 2008 - 2012 жылдар.

Көксарай су тоспасының жалпы көлемі 466 млрд шаршы метр болмақ. Нысан су тасқынынан жыл сайын зардап шегіп, бірнеше жүздеген миллиард теңгені құрдымға жіберуге мәжбүр еткен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің жылдар бойы қордаланған проблемаларын түпкілікті шешетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны