11.07.2006, 12:40 3085

Президент концессия мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістер топтамасына қол қойды

АСТАНА. 11-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Концессиялар туралы” заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң жобасы концессияға байланысты қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуге, концессиялық келісімдерді орындау мен тоқтату тәртіптері мен шарттарын айқындауға, сондай-ақ, концессионерлерді мемлекет тарапынан қолдау шаралары мен кепілдіктерін қарастыруға тиіс.

Тұтастай алғанда бұл заң жобасы Қазақстанға инвестициялық саясатты түзетуге, нарықтың реформалардың аясында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге нақты мүмкіндік береді.

Сонымен бірге Елбасы “Концессия мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны