06.07.2007, 17:25 3049

Президент көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, оралмандарды эмиграциялық квотаға үкімет айқындайтын критерийлер мен тәртіпке сәйкес енгізу жайы қарастырылған.

2007-2009-жылдарда бейімдеу орталықтарын құруға бюджеттен 633,1 млн теңге бөлінбек. 2007-жылғы бюджетте тиісті қаржы көзделінген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны