08.12.2009, 13:01 2967

Президент "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды (толықтырылған)

Президент "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды (толықтырылған)

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысы бойынша, заң жобасына ұсынылған түзетулер Қазақстан Конституциясының 18-бабын жүзеге асыруға бағытталған.

Заң жобасы азаматтардың Қазақстан Конституциясының 18-бабында кепілдік берілген құқықтарын заңмен қорғауды көздейді. Атап айтқанда, азаматтардың жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөдерінің, почта, телеграф арқылы немесе басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиясын заңсыз бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату қарастырылған. Сол секілді жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде органдарға белгіленген шектеулер аясын кеңейту ұсынылып отыр. Және де жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдарды сақтау, жою тәртібі мен мерзімдерін заңнамалық реттеу жолымен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға бағытталған.

Заң жобасын қабылдау азаматтың жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғауда, өзінің ар-намысы мен абыройын, жазысқан хаттарын, телефон арқылы сөйлескен сөздерін, почта, телеграф арқылы немесе басқа жолдармен алысқан хабарларын қорғауға қосымша кепіл болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны