Система Orphus

Президент ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті

21.01.2014, 21:32 5646

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №720 жарлығымен ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Мемлекет басшысы осы жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасын мақұлдауды қаулы етті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бip ай мерзімде әзірлеу және бекіту міндеттелді.

Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Бағдарламаның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету арқылы құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін арттыру",- делінген Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің жарлыққа түсіндірмесінде.

Бағдарлама құқық қорғау саласында мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейтіп, стандарттауды, сонымен қатар олардың сапасын арттыру шараларын қамтыған.

Құқықтық тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа түрлері дамитын болады.

Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін жетілдіру, оның ішінде қылмыстық қуғындау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген.

Сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың тиімді жүйесін құру және сот-сараптама қызметтерін бір органға шоғырландыру белгіленген.

Тұжырымдаманы әзірлеудің мақсаты құқық қорғау органдарының кәсіби кадр құрамын қалыптастыру, оның ішінде:

адам ресурстарына қажеттілікті жоспарлауды;

кадрларды іріктеуді, аттестаттауды және орналастыруды;

кадрлық әлеуетті кәсіби дамытуды;

ұйымдық-штаттық құрылымдарды оңтайландыруды;

тәрбие жұмысын және қызметкерлерді ынталандыруды көздейтін жүйелі шараларды әзірлеу болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру құқық қорғау органдарының кәсіби ресурстарын жақсартуға, қызметтің имиджі мен беделін арттыруға, жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыруды екі кезеңде: бірінші - 2014-2016 жылдары, екінші - 2017-2020 жылдары жүзеге асыру жоспарланған.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдайды.

Бағдарламаның іске асырылуы "Қазақстан-2050" стратегиясының мақсаттарына және жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сай құқық қорғау жүйесін қалыптастыру процесін аяқтауға мүмкіндік береді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны