11.01.2007, 14:15 3168

Президент ҚР сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін респубика президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрілігінде ұжымның жаңа басшысы - Марат Тәжинді таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

СІМ ұжымының алдында сөз алған мемлекет басшысы, министрліктің бұрынғы басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент сенатының төрағалығына тағайындалғандығын хабарлады. Н. Назарбаев Қ.Тоқаевтың бұрынғы қызметін табысты атқарғанын атап өтті. "Біздің мемлекетімізді бүкіл әлем сыйлайды. АҚШ, Еуропа, араб елдеріне барған соңғы сапарларымда мен тек таңдану мен мақұлдаудан ғана тұратын жылы лебіздер ғана естідім. Бұл әрине, СІМ-нің үлкен еңбегінің жемісі",- деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президент М.Тәжиннің де "талапшылдығы жағынан кем түспейтін басшы" екендігін атап өтті. "Марат Мұханбетқазыұлы соңғы 15 жылда менің жанымда қызмет атқарды және де барлық халықаралық мәселелермен таныс, ол менің халықаралық мәселелер жөніндегі негізгі кеңесшім болып табылады. Халықаралық қоғамдастықтың министр кандидатурасына үлкен мән беретіндігін ескере отырып, мен өзім жақсы білетін және сенетін адамды тағайындадым", - деді президент . Ол М.Тәжиннің "экономист және саясаттанушы ретінде Қазақстанның халықаралық жетістіктерге жетуіне өз үлесін қосатындағына" сенім білдірді.

Бұрын хабарлағанымыздай, М.Тажин бүгін президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалып, президенттің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны