14.02.2008, 16:13 2862

Президент құрылыс компанияларын қолдауға үкімет бөлген қаржының таратылуын жеделдетуді тапсырды

Президент құрылыс компанияларын қолдауға үкімет бөлген қаржының таратылуын жеделдетуді тапсырды

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Президент құрылыс компанияларын қолдауға үкімет бөлген қаржының таратылуын жеделдетуді тапсырды. Мемлекет басшысы бүгін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Екінші деңгейлі банктерге ақша бөлінгенімен, ол өте баяу игерілуде. Қазір міне ақпанның ортасы болды, ақша бөлінгелі төрт ай өтсе де, ол құрылыс компанияларына әлі жеткен жоқ. Бұл мүлдем қисынға келмейді", - деді президент.

"Не банктер ақша табу үшін қаражатты депозиттерінде ұстап оытр, немесе, "Қазына" дұрыс ойластырмаған. Ақша жұмыс істей бастауы үшін бұл мәселені тез айқындай керек" - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны