02.08.2007, 10:55 2861

Президент мақта саласын дамыту мәселелеріне арналған заңдарға қол қойды

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Мақта саласын дамыту туралы" және "ҚР кейбіңр заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енегізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ""Мақта саласын дамыту туралы" заң жобасын енгізудегі мақсат - Қазақстан Республикасында мақта өндіру, өңдеу, сақтау және сату процессінде туындайтын қарым-қатынастарды реттеу және іс-қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау болып табылады",- делінген мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заңды қабылдау "ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне мақта өсіру нарығына қатысушылардың арасында мақта қолхатын айналдыру жүйесін құру жолымен мейлінше арзан қаржылық ресурстарға қол жеткізу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді". Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, "мақта қолхаты институты ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің құқығын қорғауға нақты кепілдік беріп, түрлі қаржылық пирамидалар құруға жол ашатын алғышарттарды жояды".

Ілеспе заң жобасы "мақта өңдеуші ұйымдардың іс-қызметін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегіне қатысты мәселелер бойынша реттейтін норманы қолдану" және басқа да мәселелерді заңдық тұрғыда бекітуге бағытталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны