05.05.2009, 13:39 1697

Президент "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Президент "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларына сәйкес әзірленген Жол картасында қарастырылған шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Заң жобасының міндеті іскерлік белсенділікті арттыру мен дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдай әзірлеу арқылы қосымша жұмыс орындарын ашып, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның 1 бабындағы 20-2) тармақшасында қарастырылған "отандық тауар өндіруші" ұғымын Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 34 және 35 баптарына сәйкестендіруді қарастырады.

Сондай-ақ, заң жобасымен конкурс түріндегі мемлекеттік сатып алуды орындаудың ерекше тәртібін қолдану арқылы республика үкіметі белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін тауар, жұмыс пен қызметті сатып алуды қарастыратын 41 баптағы 3 тармақ 9) тармақшамен толықтырылатын болды. Оған қоса заң жобасындағы 3) тармақшаға сәйкес 41 баптағы 3 тармақтың 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны