26.03.2007, 19:07 3287

Президент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау жөніндегі заң актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш құжатқа сәйкес заңдастыру шараларын жүргізу мерзімі 2007 жылдың 1-тамызына дейін, ал заңдастырылған мүлік құқығын рәсімдеу мерзімі - 2007 жылдың 1-қарашасына дейін ұзартылады.

Естеріңізге сала кетейік, "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң 2006 жылдың шілде айынан бері қолданыста. Бастапқыда аталмыш іс-шара 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін созылады деп жобаланған болатын. Дегенмен, мемлекет басшысының тапсырмасымен заңға түзетулер енгізіліп, іс-шара 2007 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны