05.07.2006, 16:33 4437

Президент “Мүлікті жария етуге байланысты рахымшылық жасау туралы” заңға қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Мүлікті жария етуге байланысты рахымшылық жасау туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жасырылған кіріс қаржысына сатып алынған немесе тиісті жолмен рәсімделмеген мүлікті жариялы экономикалық айналымға енгізуге бағытталған. Жариялы болдыру шарасы бір мәрте ғана жүзеге асырылумен бірге мүлкін заңдастырғысы келетін субьектілер өз беттерімен келуге тиіс.

Мүлкін заңдастырғысы келетін субьектілер бюджетке мүлік құнының 10 проценті көлемінде алым төлейді. Өз баспанасын жариялы болдырған және 2006-жылдың 1-қаңтарына дейін тұрғын үй салығын төлеген азаматтар мұндай алымнан босатылады. Шара 2006-жылдың 3-шілдесі мен желтоқсан айлары аралығында жүргізіледі.

Президент “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы” ҚР Кодексінің күшіне енуі туралы” заңына толықтырулар енгізу туралы” заңға да қол қойды. Заң “Мүлікті жария етуге байланысты рахымшылық жасау туралы” заң жобасына байланысты жасалған. Бұл заң “Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы” ҚР Кодексімен білгіленген жер учаскуесіне қатысты салық міндеттемелері жер телімін жариялы болдырған тұлғалардың жер учаскесі заңдастырылған сәттен бастап пайда болады деген норманы бекітеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны