10.08.2012, 10:57 3273

Президент Назарбаев Көкшетауда жұмыс сапарымен жүр

Облыстық әкімдік хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысы физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектепті аралайды және орталық алаңда қала жұртшылығымен кездеседі.

Көкшетау. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетауда жұмыс сапармен жүр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық әкімдік хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысы физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектепті аралайды және орталық алаңда қала жұртшылығымен кездеседі.

Зияткерлік мектеп 2009 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Қазір онда 761 оқушы білім алады (қазақ тілінде - 411, орыс тілінде - 350), 178 қызметкер еңбек етелі, оның 113-і ұстаздар. Биылғы жылы мектепті 87 оқушы бітірді, олардың 21-і "Алтын белгі", сегізі үздік аттестат алды.

2011 жылы төрт оқушы халықаралық шығармшылық конкурсы мен Еуропада өткен "Фиджип - Евроталан-2011" ғылыми жұмыстардың жүлдегері атанды. Сол жылы Швейцариядағы халықаралық ғылыми олимпиадада мектеп оқушылары бес жүлделі орынға ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны