02.07.2007, 09:40 1238

Президент "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңға еңгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, енгізілетін толықтырулар үкіметтің заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарларын нақтылау, нормативті құқықтық актілері жобаларын рәсімдеу, орталық мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауды қамтамасыз етеді.

Заңмен нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу процедурасынан өткізу бөліміне қатысты ережелер нақтыланады, мемлекеттік тіркеуге жататын және күшіне енбеген нормативті құқықтық актілерді міндетті түрде жою институты енгізіледі.

Сондай-ақ, заңмен мемлекеттік органдарға өздері жасайтын актілерде нормативті құқықтық актілердің күшіне енетін уақытын және мерзімі аяқталған актілердің күші жойылды деп тану міндеті бекітіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны