24.12.2008, 10:31 1398

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік бойынша "Парыз" байқауының алғашқы иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік бойынша "Парыз" байқауының алғашқы иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік бойынша "Парыз" байқауының алғашқы иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге жиналғандар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы бизнес халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді атсалысуы және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс екенін атап өтті. Онсыз жақсы еңбек көрсеткіштеріне де, тұрақты дамитын өндіріс көлеміне де қол жеткізу мүмкін емес.

Н.Назарбаев биылғы жылы жалпы көлемі 60 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында шамамен 4 мың меморандум қабылданғанын атап өтті. Ауылдық жерлерде негізінен жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

"Мемлекеттік және бизнес құрылымдары жүзеге асырып жатқан әлеуметтік бағдарламалар әлемдік қаржы дағдарысының біздің экономикамызға кері әсерін тигізіп отырған бүгінгі күні айрықша маңызды", - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан халықты жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті кеңейту саясатын жүргізуге бағытталған жобаларды көптеп енгізуі қажет. Мемлекет бұл бастамалардың барлығына белсенді қолдау көрсетеді.

Президент байқаудың Бас жүлдесін осы жылдың қорытындысы бойынша "Илеуметтік жауапкершілік көшбасшысы" атанған "Қазақмыс" корпорациясына табыс етті. Корпорация 150-ден астам ірі әлеуметтік сала нысандарының қызметін қаржыландырып отыр. Тек 2008 жылдың өзінде "Қазақмыс" әлеуметтік мәселелерді шешуге 92 миллион доллар қаржы бөлген.

Тағы 27 кәсіпорын "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы", "Үздік ұжымдық келісім-шарт", "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Ир аталым шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі сияқты үш санат бойынша бағаланған.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы "Парыз" конкурсын 2008 жылдың қаңтарында Жезқазған қаласында өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында тағайындаған болатын. Конкурсқа қатысуға 296 кәсіпорын ниет білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны