18.06.2015, 13:07 3436

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Ғылым академиясы экономика институтыныӊ Құрмет белгісімен марапатталды

Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей ғылым академиясы Экономика институтыныӊ Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Мәскеуде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей ғылым академиясы Экономика институтыныӊ Құрмет белгісімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Награданы Қазақстан Республикасыныӊ Президентіне табыстауды өтінген Экономика институтыныӊ директоры Руслан Гринберг келесі пікірімен бөлісті.

"Мен үшін Еуразия одағыныӊ құрылуына негіз салған адам ретінде Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевқа біздіӊ институттыӊ құрмет белгісін беру зор мәртебе. Біз әлемдік экономикада ортадан тепкіш күштері ортаға тартқыш күшінен басым болып отырған беймаза кезеӊінде өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда әлемдік экономикада болып жатқан аймақтандыру үдерісі қалыптасқанын атап өту қажет. Ресей және Қытайдыӊ арасында орналасқан экономикасы шағын Қазақстанды басқару үшін тек ақыл мен кәсібилік қана емес, сонымен бірге ержүректілік те қажет екендігін атап өткім келеді. Нұрсұлтан Ибішұлы - дәл сондай ержүрек адам, көреген саясаткер және ол Қазақстан Республикасын басқарып отырғанына мен шынайы қуанамын", - деді институт директоры, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Құрмет белгісін қабыл алған Ресейдегі Қазақстан Елшісі Марат Тәжин өз кезегінде ресейлік академикке Қазақстан Республикасы Президентініӊ ерекше қызметін мойындағаны үшін ыстық ықыласын білдірді.

"Нұрсұлтан Ибішұлы экономикалық ғылымныӊ және тәжірибеніӊ дамуына қосқан үлесіне жоғары баға бергеніӊіз үшін алғысымды айтамын. Жалпы алғанда Қазақстанныӊ экономикалық даму үлгісі Президенттіӊ экономикаға көзқарасыныӊ дамуымен айқындалды. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан жоғары экономикалық тиімділікті көрсетіп отырғаны - бұл Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ ерік-жігерініӊ нәтижесі", - деді М. Тажин.

Қазақстан Елшісі РҒА Экономика институты мен Қазақстан арасында ұзақ уақыттан бері тығыз әрі жемісті байланыс орнатылғанын еске сала кетті және бұл қарым-қатынас одан әрі жалғасын табатынына сенімін айтты.

Салтанатты шараға Қазақстан елшілігініӊ қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны