19.02.2009, 16:08 3309

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Шелл" компаниясының атқарушы директоры Йерун ван дер Вирді қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Шелл" компаниясының атқарушы директоры Йерун ван дер Вирді қабылдады

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Шелл" компаниясының атқарушы директоры Йерун ван дер Вирді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан экономикасының мұнай секторын дамытудың перспективалы бағыттары мен "Шелл" компаниясының "Қашаған" және "Жемчужина" кен орындарын игеру жобаларына қатысу мәселелері талқыланды.

"Біз әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында мұнай-газ секторында қалыптасып отырған ахуалды және дағдарыстан бірлесіп шығуға қажетті шараларды талқыладық", - деді Йерун ван дер Вир журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны