23.10.2007, 15:18 3339

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарымен келді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарымен келді.

Шымкент. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін 14 сағат 55 минутта Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында бұзылған базарлардың орнына қалалық демалыс аймағы салынған "Озера" ауданына барып қайтпақ.

Бұдан кейін Н. Назарбаев жуырда ашылған "Шымкент" Мега орталығы" сауда орталығына барады. Президент онда нысанның өзімен қатар, оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер ұсынған инвестициялық жобалармен танысады.

Нұрсұлтан Назарбаев осыдан кейін әуежайда Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халиф бен Заиф аль-Нахаянмен жүздеседі, кездесуден кейін ол Астанаға аттанып кетеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны