22.02.2008, 14:15 2892

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді

Астана. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар бағдарламасына сәйкес Н.Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінің жұмысына қатысып, Ресейдегі мейрам - Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кешті тамашалайды.

Сондай-ақ, түстен кейін Елбасы қазақстандық инвесторлардың қаржысына Мәскеуде салынған "Park inn sadu" мейрамханасын аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны