26.06.2006, 11:17 2979

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзиядағы мемлекеттік сапары одан әрі жалғасуда

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзиядағы мемлекеттік сапары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куала-Лампурда Малайзияның жаңа әкімшілік орталығында Қазақстан президенті Туанку Королі Саид Сираджуддин Джамалуллаилмен және премьер-министр Абдулла бин Хаджи Ахмад Бадауимен кездесті.

Сапар бағдарламасы аясында Малайзияның бірқатар инновациялық корпорацияларын, оның ішінде Ұлттық тіркеу департаментін және мультимедиялық даму корпорациясын аралау қарастырылған. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен Қазақстан-Малайзия бизнес-форумға қатысып, Малайзиядағы инновациялық реформалардың негізін қалаушы – бұрынғы үкімет басшысы Тун Махатхир Мохамадпен кездеседі деп жоспарланған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында Елбасы Малайзияның жоғарғы билеушісі Ян ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саидпен кездесті. Кездесулердің қорытындысы бойынша қосарланған салықты болдырмау және кіріс салығынан жалтаруға жол бермеу туралы келісімдерге қол қою межеленген.

ҚР СІМ-нің анықтамасына сәйкес, Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2005-жыл қорытындысы бойынша 60 млн. доллардан асты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны