06.03.2007, 10:16 3383

Президент облыс басшыларына өткен аптада жария етілген халыққа жолдауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді нақтылап берді

АСТАНА. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Кеше президент әкімшілігінде облыс әкімдерімен кеңес өткізіліп, оған мемлекет басшысы қатысты, кеңесте Елбасы облыс басшыларына өткен аптада жария етілген "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" - Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді нақтылап берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдаудың азаматтардың көптеген санаттарына айтарлықтай әлеуметтік төлемдерді қарастыратын әлеуметтік бөлігіне баса назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев бұл күш-жігерлер халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратынын атап көрсетті.

Жергілікті жерлердегі атқарушы биліктің алдына экономикалық және саяси жаңартуларды жандандыру, өмірдің барлық салаларында түбегейлі ілгерілеулерге қол жеткізу, ұтқыр экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды табысты жүзеге асыру міндеттері қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны