07.06.2007, 17:14 2863

Президент органикалық берік ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Органикалық берік ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын бекіту туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Конвенцияның мақсаты органикалық берік ластағыштарды пайдалануға шектеу енгізу және әріқарай оларды өндіру, сақтау мен тастауға тыйым салу болып табылады.

Конвенцияға сәйкес, 2025-жылы органикалық берік ластағыштары бар жабдықтарды пайдалануды доғару қажет болмақ. Қазақстан бұл құжатқа біріккеннен кейін қаржылық және техникалық көмек көрсетіледі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "аталмыш құжат аясындағы жұмыстарды үйлестіру үшін тараптардың Конференциясы құрылады. Аталмыш органның көмегімен өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылып, әрбір төрт жыл сайын конвенция жұмысының тиімділігі бағаланады".

Конвенцияға 2001-жылдың 22-мамырында 100 елдің үкіметі Швецияда қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны