01.10.2008, 18:20 4587

Президент Өскемен титан-магний комбинатында магний өндіру цехының жұмысымен танысты

Президент Өскемен титан-магний комбинатында магний өндіру цехының жұмысымен танысты

Өскемен. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО жұмыс сапары барысында бүгін Өскемен титан-магний комбинатында болып, магний өндіру цехының өндіріс ырғағымен және шығарылатын өнімдердің көрмесімен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Комбинат Қазақстанның ең ірі түсті металлургия кәсіпорындарының қатарына енеді және еліміздегі жетекші экспорттаушылардың бірі болып табылады. Оның жобаларының бірі - титан құймалары мен балқымаларын өндіретін титан балқыту цехының құрылысы еліміздің "30 корпоративті көшбасшы" ұлттық бағдарламасына енеді.

Жаңа зауыт 16 мың тонна титан құймаларын шығарады, оның ішінде 12 мың тоннасы - титан балқымалары, 4 мың тоннасы коммерциялық мақсаттағы титан. Зауыт 2009 жылдан бастап 2012 жыл аралығында кезең-кезеңімен іске қосылады деп жоспарланған.

"Балқыма" жобасын іске асыру комбинатқа титан рудасынан бастап титан құймаларына дейінгі толық технологиялық циклға ие қазақстандық титан шикізатының өзіндік минералдық-шикізат базасы бар толықтай ықпалдасқан кәсіпорын болуға мүмкіндік береді.

Өскемен титан-магний комбинаты бүгінгі күні халықаралық сертификаттаудың толық бумасына ие болып отыр. "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ өнімдерінің негізгі тұтынушылары: "Пратт энд Уитни", "Роллс Ройс", "Дженерал Электрик", "Снекма" "Сумитомо", "Кобе Стил", "Ниппон Стил" және "Дойч Титан" сияқты атақты фирмалар болып табылады.

Ал титан сорғысын экспорттау туралы "Таймет" фирмасымен ұзақ мерзімді келісім жасасу "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ-ны "Таймет" (титан жартылай фабрикаттары мен балқымалары), "Пратт энд Уитни" (мотор жасау) және "Боинг" (ұшақтар) сияқты фирмалар арқылы ұшақ жасауға арналған ірі ықпалдасқан титан жеткізушілердің қатарына қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны