25.01.2011, 11:49 3987

Президент парламент палаталарының бiрлескен мәжiлiсiнде Қазақстан халқына жолдау арнайды

28 қаңтар, жұма күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25- қаңтар. Kazakhstan Today - 28 қаңтар, жұма күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, "Мемлекет басшысы Жолдау арнайтын, ҚР Парламент палаталарының бірлескен мәжілісін шақыру туралы Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджановтың тиісті өкімі таяу уақытта ресми баспасөзде жарияланады".

Алдын ала жоспарланып жатқандай, ҚР Президентінің Жолдауы денсаулық сақтау, білім беру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммунальдық салаларына және т.б. арналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны