20.06.2007, 10:33 1318

Президент "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, түзетулер заң нормаларын Конституцияға сәйкестендіру және оның жекелеген нормаларын жүзеге асыру мақсатында жасалған. Атап айтсақ, парламент депутаттарының санына қатысты өзгерістер енгізілді. Мәселен, снеатты әрбір облыстан және республикалық маңызы бар қала мен астанадан өкілеттілік алған депутаттар құрайды. Ал сенаттың 15 депутатын республика президенті тағайындайды. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады, олардың 98-і бүкілхалықтық, тең әрі тікелей сайлау құқығымен құпия дауыс беру арқылы сайланса, 9-ын Қазақстан халқының ассамблеясынан сайланады.

Сонымен бірге, "парламент палаталарының төрағаларының құзыреті нақтыланған". "Мәселен, парламент палаталарының төрағалары палаталарға Конституциялық кеңестің екі, Орталық сайлау комиссиясының екі, Есеп комитетінің үш мүшесін тағайындауға ұсынады. Парламент палаталарының төрағаларының екі орынбасары болмақ.

"Саяси партиялардың фракцияларының ролін арттыру мақсатына сәйкес, заң жоабсында белгіленгендей, мәжіліс бюросының құрамына фракциялардың жетекшілерін енгізу, фракциялар тек қана мәжілісте құрылатындықтан және мәжіліс негізінен партиялық тізім бойынша құрылатындықтан "фракция" ұғымына жаңа анықтама берілді.

Сонымен бірге енгізілетін өзгерістермен "заң жобасында заңнамалық бастама көтеру құқығы бар тұлғалардың саны ұлғайтылып, конституциялық заңдардың жобаларын қарау тәртібі мен президенттің заңдарға қатысты келіспеушілігін қарау процедурасы бұл мәселені парламент палаталарында жеке қарау шартымен айқындалады".

Сонымен қатар заң жобасында парламент депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртіптері айқындалған. Заң жобасымен парламент сенаты тарапынан заңды қабылдау, соның ішінде, мәжіліс таратылған жағдайда конституциялық заңдарды қабылдау мәселелері реттелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны