09.10.2006, 17:40 3091

Президент пен ҰҒА-ның президенті еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады

АСТАНА. 9-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрыновты қабылдап, еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ұлттық ғылым академиясы қазір батыстың үлгісіндегі жаңа модельмен дамып келеді. Оның басты ерекшелігі - ҰҒА әкімшілік жұмыстармен шұғылданбайды, тек қана шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол үш бөліктен тұрады. Біріншісі - ғылымның мемлекетке тиімді жолдары талқыланатын Ұлттық баяндама әзірлеу, екіншісі- ғылыми жетістіктерді насихаттап, жастарды ғылымға тарту. Үшінші әрі ең басты міндеті ғылыми жобаларға сараптама жасау", деді М. Жұрынов мемлекет басшысының қабылдауынан кейін журналистерге арналған брифингте.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны