06.05.2008, 09:57 1518

Президент "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды

Президент "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды

Астана. 6-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы президенттің заң шығарушылық бастамасының тәртібімен жасалған. Оның жобасын жасауға ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу негіз болды.

Өзгерістер заң жобасын өзгертілген Конституциямен сәйкестендіру үшін енгізілді.

Жаңартылған Конституцияға сәйкес, егер президент оны парламенттің қарауына ұсынуға шешім қабылдаса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады.

Егер президент парламенттің Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын қабылдамаса, онда парламент жалпы парламент палаталарының депутаттары санының бестен төрт бөлігінен кем емес басым бөлігінің дауысымен осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу жөнінде заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда президент бұл заңға қол қояды немесе республикалық референдумға шығарады, ал ол егер дауыс беруге республикалық референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп табылады.

Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар егер референдумда облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың үштен екі бөлігінен кем емес азаматтары дауыс беруге қатысқан жағдайда қабыланды деп танылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны