07.05.2009, 17:51 3922

Президент Республикалық "Жас ұлан" мектебінде болды

Президент Республикалық "Жас ұлан" мектебінде болды

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін, 7-мамыр - Отан қорғаушылар күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық "Жас ұлан" мектебінде болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент болашақ Отан қорғаушыларға "мектепті жақсы аяқтап, білікті офицер, генерал болыңдар", деген ақ тілек білдірді.

Өз кезектерінде тәрбиеленушілер мемлекет басшысына "Жас ұлан" мектебінің эмблема медалін сыйлады.

Мемлекет басшысы мектепте білім алып жатқан жас түлектердің оқу үлгерімімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Ондағы жабық суға жүзу бассейні, спорт зал, компьютерлік класс пен тұрмыстық жайларды аралап көрді.

Республикалық "Жас ұлан" мектебі - еліміздегі 5-11 сынып аралығындағы тәрбиеленушілер білім алатын бірден-бір әскери оқу орны. Мектептердегі әдеттегі пәндермен қатар мұнда тактика, байланыс негіздері, сапқа тұру дайындығы, жалпылама әскери жарғы секілді әскери пәндер де оқытылады.

Республикалық "Жас ұлан" мектебінің түлектері Қазақстандағы оқу орындарында ғана білімін жалғастырмай, Ресей, Беларус, Германия және Түркияның жоғары әскери оқу орындарына да оқуға жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны