08.04.2015, 19:36 4126

Президент Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласындағы өсімніӊ жоғары екенін, сондай-ақ өӊірдіӊ мәдениет саласы да жақсы дамып келе жатқанын айтты

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласындағы өсімніӊ жоғары екенін, сондай-ақ өӊірдіӊ мәдениет саласы да жақсы дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Сапар барысында мен мырыш, қорғасын, мыс, алтын және күміс секілді экспорттық өнімдерді көп көлемде өндіретін "Қазмырыш" кәсіпорнында болдым. Өскемен индустриясы үшін басты мәселеленіӊ бірі экологиялық тазалық болып отыр. Қазіргі уақытта заманауи экологиялық талаптарға сай кәсіпорындар салынуда, бұл қаланыӊ қауіпсіз болашағын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаӊа театр ғимараты салынды, бұрынғысы ХІХ ғасырда салынған ескі ғимаратта орналасқан еді. Енді театр ұжымы тиісті жабдықтары, 600 орындық көрермен залы, 150 орындық кіші залы бар керемет жаӊа ғимаратқа кірді. Өскеменде тұрғындар өнерді тамашалау үшін келетін жаӊа мәдени орталық пайда болды, - деді Қазақстан Президенті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін және медициналық көмек сапасын жақсарту бағытында мемлекеттіӊ күш-жігер жұмсап жатқанына назар аударды.

- Семей қаласы қырық жыл бойы ядролық сынақ өткізу орны болып, соныӊ салдарынан көптеген адам зардап шеккен өӊірде орналасқан. Бүгінде қаланыӊ медициналық мекемелері мен олардыӊ жабдықталуы Қазақстандағы еӊ үздіктердіӊ қатарында саналады. Мен елдегі онкологиялық ауруларды емдеуге арналған бірден-бір радиологиялық орталықты аралап көрдім. Осындай орталық Астанада да салынатын болады. Диагностика және емдеу ісінде енгізіліп жатқан радиологиялық әдіс еліміздіӊ көптеген азаматтарына көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті республиканы көлік және инфрақұрылымдық тұрғыдан одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды.

- Қазіргі уақытта біз "Қазақстан-2050" стратегиясын жүзеге асырудамыз, оныӊ аясында әлемніӊ дамыған 30 мемлекетініӊ қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асырып, "Мәӊгілік ел" ұлттық идеясын ілгерілетудеміз. Халық бұл бастамаларды, Қазақстандағы тұрақтылық пен бірлікті қолдап отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Мемлекет басшысы облыс тұрғындарына табыс және бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны