05.05.2009, 17:58 2837

Президент Шығыс Қазақстан облысында "Жоғары технологиялар аймағын" құру жөніндегі ізашар жобаны жүзеге асыруды мақұлдады

Президент Шығыс Қазақстан облысында "Жоғары технологиялар аймағын" құру жөніндегі ізашар жобаны жүзеге асыруды мақұлдады

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Сапарбаев президентке ағымдағы жылдың алғашқы 4 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, әлеуметтік саланың материалдық-техникалық базасының жағдайы, "Жол картасының" жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Мемлекет басшысына сондай-ақ "Қазақстандық үлесті" қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы орындау аясында облыс әкімдігі әзірлеген өндіріс пен өнеркәсіп өнімдерін тұтыну балансы ұсынылды және өңірде фин тәжірибесі бойынша "Жоғары технологиялар аймағын" құру туралы ұсыныс жасалды.

Президент өткен жылдың осы кезеңінде қол жеткізілген өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқынын ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында да сақтау жөнінде тапсырма берді, "Жоғары технологиялар аймағын" құру жөніндегі ізашар жобаны жүзеге асыруды мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны