25.07.2007, 16:38 2824

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 25-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "заң жобасында қылмыстық жолмен табылған мүлік пен кірісті тәркілеу мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасыру үшін жауапкершілікті, пара беру және делдалдық үшін жауапкершілікті күшейту, сонымен қатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының пара алғандығы үшін жауапкершілікке тартылуы қарастырылған",- деп түсіндірді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген аталмыш заң жобасы жөніндегі мәжілістің жұмыс тобының жетекшісі Валерий Доскалов.

Ол құжатты дайындаушылар Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзерту енгізуге ұсыныс жасағандықтарын хабарлады. Ұсынысқа сәйкес тергеу бөлімінің бастығына қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы, істі тоқтату және істі міндетті түрде прокурорға хабарлай отырып 24 сағатқа тоқтата тұру туралы қаулының күшін жою құқығы беріледі. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, аталмыш норма қылмыстық істі тергеу мен қылмысты ашуды жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Бірақ, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті мұндай өзгерістер енгізуге болмайды деп санайды. Себебі, "бұл сыбайлас жемқорлыққа жол береді" деп атап көрсетті В. Доскалов. Ол, сондай-ақ "бұл көзқарас мәжілістің екі салалық комитеттерінен де қолдау тапқанын" айта кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны