05.07.2006, 10:36 3049

Президент сот сараптамасы жөніндегі мәселелер бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Президент “Сот сараптамасы жөніндегі мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Енгізілетін өзгерістер сот сараптамасы мәселелері бойынша заңнамалық актілердің жекелеген нормаларын алып тастауға және құқықтық ақтаңдақтардың орнын толтыруға бағытталған.

Заң жобасына сәйкес Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық процессуалдық кодекстер мен “Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекске түзетулер енгізілмекші. Атап айтсақ, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексімен регламенттелген сараптама тағайындау тәртіптеріне өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер процеске қатысушылардың бастамасымен сараптама тағайындау мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге жол ашады. Ал ол өз кезегінде процеске қатысушылардың тең құқылылығы мен бәсекелелілік принциптерін жүзеге асыруға түрткі болмақ. Азаматтық процессуалдық кодекске оның өз ережелері арасындағы ішкі қайшылықты жоюға, сарапшылардың өкілеттілігін нақтылауға бағытталған нормалар енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны