10.07.2006, 18:55 2957

Президент "Тұрғын үй құрылысына үлес қосу туралы" заңға қол қойды

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Тұрғын үй құрылысына үлес қосу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасын жасаушылар үлес иелерін қорғауға бағытталған 14 шараны қарастырған .

Атап айтсақ, құрылыс салушыларға тұрғындардың қаржысын тарту іс-қызметін жүзеге асыруға лицензия беру; құрылыс салушыға салынып жатқан үйге үлес қосу мерзімін міндетті түрде нақты көрсету; тұрғын үй ғимаратының кепілдік мерзімін көрсету; құрылыс салушы жеке меншіктегі немесе жалға алынған жер учаскесінің қожайынымен сол учаскеде құрылыс салуға рұқсат беру туралы шарт жасасу шаралары бар. Сонымен бірге заң жобасында үлес иелірінің қаржысын құрылыс салушы тек тұрғын үй салу мақсатында ғана пайдалана алатындығы көрсетілген. Заңда уәкілетті мекеме тарапынан құрылыс салушының компанияда тартылған ақшаның 12 процентінен кем түспейтін жеке капиталы болуға тиіс деген талапты орындау жайын әрбір тоқсан сайын тексеріп отыру қарастырылған.
Сенаторлар заң жобасына үлес қосушыларды қорғауды күшейтуге және құрылыс компанияларының банкрорттыққа ұшырауына жол бермеуге бағытталған ұсыныстар енгізді.

Атап айтсақ, сенатшылар уәкілетті мекемеге құрылыс компаниясы тартқан ақшаның мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік беретін норманы енгізуді ұсынды. Сонымен бірге заңда құрылысты үлеспен салушы тараптарға өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін келісе отырып сақтандыруға мүмкіндік беретін норма енгізілген.

Сенатшылар бұған қоса құрылысты үлеспен салушы тараптарға келісімде көрсетілген міндеттемені орындау мерзімі бұзылған жағдайда төленетін өсімпұл мөлшерін еркін таңдау құқығын беруді ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны