02.07.2007, 17:23 2742

Президент тұрғын үй жинақ ақшасына қатысты мәселелер бойынша заңнамаларға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Тұрғын үй жинақ ақшасына қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасымен жаңа - "алдын - ала тұрғын үй қарызын беру" түсінігі енгізіледі. "Бұл қарыз тұрғын үй жинақ ақша банкіне салым салушыға тұрғын үй жинақ ақшасын жинаумен қатар, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында беріледі. Ал бүгінгі заңға сәйкес ең кемінде міндетті түрде үш жыл ақша жинау керек.

Сонымен қатар, заңмен тұрғын үй жинақ ақшасы жүйесінің жинақ және несие схемасы өзгертіледі. Атап айтқанда, елуде елу арақатынасын енгізіледі. Бұл 50 пайызын салымшының өзі жинауға тиіс, ал 50 пайызы - үкіметтің сыйы. Бюджеттің мұндай шығындарын жабу үшін келесі жылдары тиісті қаржы қарастырылады.

Заң жобалаушыларының пікірінше, жинақ схемасындағы өзгерістер "тұрғын үй жинақ ақшасы жүйесінің салымшыларына пайда әкелетіндігі сөзсіз, себебі салым сенімділігі, ұзақ мерізімді жинақ қауіпсіздігі артады".

Заңмен сондай-ақ тұрғын үй жинақ ақшасы туралы келісім жасау тәртібі оңайлатылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны