28.02.2007, 14:06 6569

Президент үкіметке экономиканың шикізаттан басқа салаларында жарып шықпа жобаларды жүзеге асыру стратегиясының жобасын жасауды тапсырды

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламентте Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында экономиканың шикізаттан басқа салаларында жарып шықпа жобаларды жүзеге асыру стратегиясының жобасын жасауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Экономиканың шикізаттан басқа басымдық берілген салаларында жарып шықпа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты үкіметтің өзіндік дербес стратегиясы болуға тиіс",- деп мәлімдеді мемлекет басшысы. "Жаңаша экономикалық ахуал мен басымдықтарға байланысты индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру тиімділігіне баға беретін кез жетті",- деді ол.

Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, сонымен бірге "индустрия саласын әртараптандыру бағытында жоспар құруға қатысты талаптар мен нұсқауларды дәйектеу қажет". "Жекелеген жобаларды бөле-жара пилотты қаржыландырудан ел экономикасын тұтастай әртараптандыруға ауқымды қаржы бөлуге ден қойған жөн",- деп атап өткен Елбасы "бұл үкіметтің, әкімдердің, сондай-ақ, орта бизнестің белсенді қатысуымен мемлекеттік холдингтердің жауапкершілігіндегі шаруа", деді.

Бұған қоса президенттің пайымдауынша, "үкіметтен үш жылдан бері мемлекетіміз экономиканы әртараптандыруға бөліп келген қаржының қайтарымы туралы сұрайтын мерзім жетті". "Бізге қазір жұмыс істеп жатқан 204 жоба туралы алға тартады. Олай болса, біз осы жылдарда аталмыш бағытта нақты нендей істер тындырылғанын нақты сезінуге тиіспіз",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны