05.09.2012, 16:04 9482

Президент үкіметке мектепке дейінгі білім беру жүйесіне үш тілде білім беруді енгізуді тапсырды

"Мектепке дейінгі білім беру саласында "Балапан" бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Біз әрбір адамға лайықтап қаржыландыру жүйесін енгіздік және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудамыз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 3,5 мыңнан асты. Екі жылда балаларды қамту 36-дан 65 пайызға артты. 2020 жылы біз мектепке дейінгі білім беру бойынша балаларды 100 пайыз қамтимыз", деп мәлім етті елбасы Н. Назарбаев "Назарбаев Университетінде" инетрактивті дәріс оқу барысында.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент үкіметке мектепке дейінгі білім беру жүйесіне үш тілде білім беруді енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мектепке дейінгі білім беру саласында "Балапан" бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асуда. Біз әрбір адамға лайықтап қаржыландыру жүйесін енгіздік және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудамыз. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 3,5 мыңнан асты. Екі жылда балаларды қамту 36-дан 65 пайызға артты. 2020 жылы біз мектепке дейінгі білім беру бойынша балаларды 100 пайыз қамтимыз", деп мәлім етті елбасы Н. Назарбаев "Назарбаев Университетінде" инетрактивті дәріс оқу барысында.

"Мектепке дейінгі білім беру жүйесі бойынша үш тілді білім беруді біртіндеп енгізу қажет. Осылайша біз тілді меңгерудің дұрыс жүйесін қалыптастыра аламыз: бастапқы деңгей- балабақшадан, мектепте- базалық білім, университет немесе колледжде - мамандық бойынша кәсіби тіл. Орта білім беру саласында біз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындықты жалғастырудамыз. Жаңа білім стандарттары жасалуда", деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны