22.05.2008, 09:42 1493

Президент ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Президент ҰҚК төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне Болат Қырғызбаев тағайындалды. Сәрсенбі күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысының қаулысымен Қырғызбаев Болат Исатайұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры болып тағайындалды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тиісінше, президент қаулысымен Болат Зәкиев Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны