12.09.2006, 17:57 2437

Президент Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Елордасындағы сарайында Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Барлық діндер әрқашан лаңкестікке қарсы тұрған. Бүгін де осынау сьезге қатысу арқылы біз бұны қайта бір растап, баршаңызды бейбітшілікке шақырамыз",- деді Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Бас имам, шейх шейх Аль-Азхара Мухуммад Саид Тантауи (Мысыр).

"Қауіпсіздік - мемлекеттің ісі. Ол шіркеудің миссиясына жатпайды. Бірақ шіркеудің миссиясы - ол - бейбітшілік, келісім мен бауырмалдық. Ал бұлар кез-келген мемлекеттегі ең жоғары құндылықтар",- деді Минск және Слуцк митрополиті, Беларусь елінің Экзарх патриархы Филарет журналистермен кездесуде. "Мен бүгін Астанада болып жатқан оқиғаларға, елде қарқын алған құрылыстарға, соның ішінде дінаралық қарым-қатынас ахуалына да таңданысымды білдіремін. Бұл президент Назарбаевтың бейбітшіліксүйгіш саясатының жемісі",- деді ол.

"Бейбітшілікті сақтау үшін тараптар жаппай жұмылуға тиіс. Оған дін және саяси қайраткерлер де кіреді",- деді Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Мохатхир Мұхаммед.

"Бейбітшілік пен сенімділік орнату үшін дінаралық диалогтың маңызы зор. Біз бір-бірімізді құрметтуге және сүюге тиіспіз",- деді Константинополь православиелік шіркеуінің патриархы Варфоломей І (Түркия).

Бүгін мемлекет басшысы сьезге қатысушылармен тағы да бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, форум жұмысы аясында Н.Назарбаев 30-дай екі жақты кездесу өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны