10.07.2006, 18:24 2748

Президент жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Кейбір заңнамалық актілерге жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң жеке баспана құрылысын кең көлемді дамытуға ынталандыру, кірісі ипотекалық несиелендіру жүйесі шеңберінде баспана сатып алуға мүмкіндік бермейтін азаматтар үшін тұрғын үй жинақтары жүйесін одан әрі дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ, жалға берілетін бспана рыногын дамытуға бағытталған.

Заңды қабылдау жергілікті атқарушы органдарға жалпы тұрғын үй қорындағы мемлекеттің үлесін арттырмай-ақ тұрғындардың белгілі бір санатының баспана тауқыметтерін шешуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны