07.05.2008, 10:26 1805

Президент жарлығымен "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі тағайындалды

Президент жарлығымен "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі тағайындалды

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының және оның Елордасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталатын "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі тағайындалды", - деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, медаль туралы ережеге сәйкес бұл наградаға алғашқылардың қатарында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны