19.06.2007, 16:17 2840

Президент жарнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жарнама туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы шылым және шылым өнімінің жарнамасына тыйым салып, қораптың жоғарғы жағындағы шылым шегу зияндылығы туралы ескерту көлемін 30% ұлғайтуды көздейді.

Ішімдік және шылым өнімдеріне жасырын немесе жанама жарнама жасауға тыйым салу үшін түрлі шаралар ұйымдастыру, оның ішінде ұтыс ойындары арқылы жарнамалауға тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны